Ауылдағы 16 кәсіпкер әйелге қаржылай көмек беріледі – брифинг

CC0 / Jing / Женщины высаживают рассаду в теплице, иллюстративное фото
Женщины высаживают рассаду в теплице, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2021
Жазылу
3 наурыз күні сағат 15:00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жөнінде онлайн-брифинг өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз — Sputnik. Sputnik Қазақстан халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында пандемия кезінде ауылдағы әйелдерді жұмыспен қамту проблемасы және әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған әлеуметтік жобалар туралы онлайн-брифинг өтеді.

Спикерлер:

  • Майра Айсина, Ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы,
  • Елена Ожго, "Әлеуметтік динамика" қоғамдық қорының директоры,
  • Асхат Сүлейменов, "Жасыл экономика" мен G-Global даму коалициясы" ЗТБ атқарушы директоры.

Брифинг барысында спикерлер пандемия кезінде ауыл әйелдерін нәтижелі жұмыспен қамту мәселелерін шешудегі өз тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен қатар, сарапшылар оқыту және бизнес-жобаларды іске асырудың мысалдарын ілгерілету арқылы әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсетудің сәтті әдістері туралы айтады.

Онлайн-брифингте әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға арналған республикалық конференция жайы қысқаша таныстырылады. Конференция аясында 2021 жылы әйелдерді кәсіпкерлік негіздеріне және фермерлікке тегін оқыту жобалары, сондай-ақ, кәсіпкерлікті жаңа бастаған қыз-келіншектер арасында үздік бизнес-идеялар байқауы іске қосылады.

Конкурс нәтижесі бойынша 2021 жылы ауылды жерде тұратын 16 қыз-келіншекке өз ісін дамытуға қажетті қаржылай көмек беріледі.

Онлайн-брифинг 3 наурыз күні сағат 15:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) Sputnik Қазақстан сайтында және порталдың YouTube-арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Журналистер спикерлерге қоятын сауалдарын a.nurgazinova@sputniknews.com поштасына немесе +7 747 2207401 (WhatsApp) нөміріне жолдай алады.

Жаңалықтар
0