Білім

Әлемді өзгерту тәсілі: әлеуметтік медиа жобалар және ол қалай сәтті жасалады

CC0 / pixabay.com / Комнатные растения на столе у компьютера, иллюстративное фото
Комнатные растения на столе у компьютера, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халықаралық ақпараттық агенттік пен радио Sputnik шеберлік шыңдауға арналған SputnikPro білім беру жобасының онлайн-сессиялар сериясын жалғастырады. Вебинарға қатысуға қазақстандық журналистер, медиа менеджерлер мен блогерлер шақырылады

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. SputnikPro білім беру жобасының "Әлемді өзгерту тәсілі: әлеуметтік медиа жобалар және ол қалай сәтті жасалады" тақырыбындағы онлайн сессиясы 11 қыркүйек, жұма күні сағат 16.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) өтеді.

Шеберлік сабағында "Россия сегодня" ХАА мемлекеттік медиа жобалар дирекциясы директорының орынбасары, медиа менеджер және интернет-технолог Ирина Кедровская ресейлік дәрігерлерді қолдауға арналған онлайн-акцияны мысалға ала отырып, жақсы трафикпен сәтті әлеуметтік жоба құру және бейілді аудитория жинау тәжірибесімен бөліседі.

Онлайн-жобаға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелуге болады.

Ирина Кедровская – медиа менеджер, интернет-технолог. В.И.Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеттің филология факультетін бітірген. 

© Sputnik"Россия сегодня" ХАА мемлекеттік медиа жобалар дирекциясы директорының орынбасары Ирина Кедровская
Әлемді өзгерту тәсілі: әлеуметтік медиа жобалар және ол қалай сәтті жасалады - Sputnik Қазақстан
"Россия сегодня" ХАА мемлекеттік медиа жобалар дирекциясы директорының орынбасары Ирина Кедровская

Ол қызметтік жолын "Независимая газетада" бастап, "Известия" газеті мен Родионов баспа үйінде және РИА Новостиде жұмыс істеді.

2008 жылдан бері оқытушылық қызметпен қатар, қайырымдылық шараларына белсене араласады.

Сонымен қатар, ол "Россия сегодня" ХАА-нің әлеуметтік жобаларын қадағалайды. Атап айтқанда, "Найди меня, мама" қайырымдылық жобасы 2017 жылғы БАҚ саласында әлеуметтік маңыздылығымен мойындалды.

Оның жетекшілігімен жасалған жобалар бірнеше рет марапатқа ие болған. Олардың қатарында Рунет сыйлығы мен Инновация уақыты, Ресей Журналистер одағының нұсқасы бойынша жылдың үздік бұқаралық ақпарат құралы сияқты марапаттар да бар.

SputnikPro онлайн-маусымын наурыз айының ортасында ашты. Сеанстарда коронавирустық пандемия контекстіндегі жұмыс ерекшеліктерін, веб-сараптама мен авторлық құқық құралдарының көмегімен өзіңді және қолданушыны шатастырмауды, ақпараттың шынайылығын тексеру мен жаңалықтар ресурсына қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланады. Қатысушылар чатта бір-біріне хабарламалар жібере отырып, бір мезетте пікір алмаса алады.

SputnikPro ағарту жобасы туралы

SputnikPro – бұл Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналистеріне, кәсіби жоғары оқу орындарының студенттеріне, баспасөз қызметінің қызметкерлері мен медиа менеджерлерге арналған, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарды дамытуға бағытталған жоба. Жоба модулінің менеджерлері Sputnik бөлімшелерінің жетекшілері, сондай-ақ басқа да ресейлік танымал журналистер мен сарапшылар болады. 2018 жылдың наурыз айынан бастап SputnikPro Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізді. Әлемнің 80 елінен барлығы 3000-нан астам тыңдаушы қатысты. Жоба жаңалықтарын Facebook-тегі парақшасынан таныса аласыз.

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы туралы

Sputnik – әлемдегі 90-нан астам қалаларда мультимедиялық интернет-сайттарды, аналогты және сандық радио хабарлар таратуды біріктіретін ірі халықаралық ақпарат құралдарының бірі. Sputnik жаңалықтарының арналары әлемнің жетекші басылымдарына тәулік бойы ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдерінде ақпарат ұсынады. Sputnik ақпараттық ресурстарының аудиториясы ай сайын 80 миллионнан астам адамды құрайды, Sputnik әлеуметтік желісінің жазылушыларының жалпы саны 20 миллионнан асады. Бішкектен Кишиневке және Пекиннен Монтевидеоға дейінгі әлемнің 24 редакторлық орталығында мыңдаған адам мен ондаған ұлт өкілдері жұмыс істейді. Sputnik – "Россия сегодня" медиа-тобының құрамына кіреді. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.

Жаңалықтар
0