Білім

Кибер-кітап, цифрлық колледж: білім берудің жаңа мүмкіндіктері таныстырылды

© Sputnik / Владислав ВодневУстройство "виртуальной реальности", архивное фото
Устройство виртуальной реальности, архивное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Виртуалды (VR) және толықтырылған (AR) өмір" жобасының ұйымдастырушылары қазақстандықтарға білім берудің заманауи, цифрлық технологияларын ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Қазақстанда болашақ мамандықтарды оқыту үшін виртуалды технологиялар пайдаланылатын колледж ашылуы мүмкін. Бұл туралы "Кибер страна" басқарма төрағасы Роман Поволоцкий айтты.

Қазақстанда "Виртуалды (VR) және толықтырылған (AR) өмір" білім беру жобасы жүзеге асып жатыр. Россотрудничествоның бұл гранттық жобасын Білім беру одағы "Россия сегодня" ХАА және "Кибер страна" ұйымымен бірлесіп іске асыруда.

Тағы оқыңыз: Он жасар оқушының Тоқаевқа хаты: білім министрлігі жауап берді

Жоба авторларының айтуынша, ол білім беру саласындағы заманауи, цифрлық технологияларды көрсетуге, балалардың цифрлық сауаттылығын дамытуға, бағдарламалаудың практикалық тәжірибесін алуға, ресейлік және қазақстандық білім беру компаниялары арасында әріптестік байланыстарды орнатуға бағытталған.

Білім берудің виртуалды мүмкіндіктері

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жақын арада кибер-кітап пен білім беру колледжі сияқты жобалар құрылады.

Кибер-кітап – бұл цифрлық оқулық. Ол балаларды бағдарламалау, дизайн және цифрлық жобаларды жобалау ортасына тарту құралы саналады.

© Sputnik / Владислав Воднев"Кибер страна" басқарма төрағасы Роман Поволоцкий
Кибер-кітап, цифрлық колледж: білім берудің жаңа мүмкіндіктері таныстырылды - Sputnik Қазақстан
"Кибер страна" басқарма төрағасы Роман Поволоцкий
"Ал колледж тестілеуден өткен балалар оқитын оқу орны болады. Қазір колледж орналасатын жер таңдалып жатыр. Бүгінгі күні Алматы немесе Павлодар болады деп қарастырудамыз. Нәтижесінде, осы білім ордасында оқыған балалар цифрлық технологиялар саласында өз стартаптарын жасай алады", - деді басқарма төрағасы Поволоцкий Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен баспасөз мәжілісінде.

Бүкіл жоба шамамен 10 жылға есептелген. Қазір ол әзірленіп жатыр.

Жаңалықтар
0