ЕАЭО елдерінің журналистері Армения премьер-министрінің кеңесшісіне сұрақтарын қояды

© Sputnik / Асатурт ЕсаянцАрмения премьер-министрінің бас кеңесшісі Арсен Гаспарян, архив суреті
Армения премьер-министрінің бас кеңесшісі Арсен Гаспарян, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сейсенбі, 25 қыркүйекте Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Армения премьер-министрінің бас кеңесшісі Арсен Гаспарянның «Армения-Ресей қарым-қатынасы, интеграциялық ынтымақтастық, ЕАЭО елдерінің преспективалары мен бірлескен жобалары» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Баспасөз мәслихаты Мәскеуде бейнекөпір форматында өтеді, Sputnik-тің Астана, Минск, Еревандағы баспасөз орталықтары байланысқа шығады. Журналистер Астанадағы Sputnik Қазақстан баспасөз орталығынан сұрақтарын қоя алады. 

Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының мекенжайы: Қонаев көшесі, 12/1, ВП-35, (Нұрлы жол желекжолы, Бәйтерек монументі жағынан кіру), P1-ші қабат.

БАҚ өкілдері мына телефон арқылы тіркеле алады: + 7-701-512-08-15; a.sultanova@sputniknews.com.

Жаңалықтар
0