Саясат

Президент партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша ұсынылған есепке күмән келтірді

© Sputnik / Владислав ВодневПраймериз
Праймериз - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2022
Жазылу
2021 жылдың қорытындысы бойынша үкімет партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша жоспарлы индикаторлар 74%-ке орындалғаны жайлы есеп берген
НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті, Nur Otan төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партия қызметі қалай өзгеруі керек екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Президент партия қатарына қоғамның конструктивті күштері шоғырлануы керек екенін атап өтті.
"Партия қатарына түрлі қоғамдық-саяси топтардың өкілдерін, азаматтардың сеніміне ие нағыз көшбасшыларды белсенді түрде тарту қажет. Өкінішке қарай, біз партияда мұндай адамдар жеткіліксіз екенін көріп отырмыз. Сын сағатта партияның бүкіл кадрлық және адами әлеуеті, тармақталған инфрақұрылымы толық көлемде жұмылдырылған жоқ", - деді Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде.
Президент Nur Otan шынайы істердің партиясына айналып, оқиғалардың ортасында болуы керек екенін мәлімдеді. Шеттегі бақылаушының позициясына енді жол берілмейді, деді ол.
"Партия мемлекеттік органдардың жұмысын қайталамауға тиіс. Мемлекеттік аппараттың функциясы басқа, партияныкі мүлде бөлек. Nur Otan, ең алдымен, идеологиялық және кадрлық жұмыспен айналысуы керек. Керек кезде мемлекеттік аппараттың жұмысына бағыт-бағдар беруі қажет", - деді Тоқаев.
Ол былтырғы сайлауда Nur Otan халық сенімінің қажетті мандатына ие болғанын еске салды. Алайда, айтуынша, атқарушы билік мұны оңтайлы пайдалана алмады, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына жол берді. Тапсырмалар, жоспарлар мен міндеттер қағаз күйінде ғана қалды.
"2021 жылдың қорытындысы бойынша үкімет партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша жоспарлы индикаторлар 74%-ке орындалғаны жайлы есеп берді. Бірақ бұл мәліметтер жалған емес екеніне кім кепіл береді?", - деді Тоқаев.
Ол партияның тыныс-тіршілігі сайлауалды уәделердің қаншалықты орындалғанына байланысты екенін атап өтті.
Жаңалықтар
0