Саясат

Президент Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілін тағайындады

© REUTERS / Carlo AllegriЛоготип Организации Объединенных наций
Логотип Организации Объединенных наций - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2022
Жазылу
Бұған дейін Ерлан Әлімбаев Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды
АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен ұлттар ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілін тағайындады, деп хабарлады Ақорда.
2019 жылдың қыркүйегінен бері бұл қызметті атқарған Жанар Айтжан қызметтен босатылып, бұл лауазымға Ерлан Әлімбаев тағайындалды.

Ерлан Әлімбаев туралы не белгілі

Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қызылорда облысында 1975 жылы 6 қаңтарда дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетін, Женева халықаралық қатынастар және дипломатия институтын тәмамдаған.
Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі жүйесінде 1997 жылдан бастап жұмыс істейді. Дипломатиялық қызметін Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің референт ретінде бастаған.
2008-2010 жылдары сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
Әр жылдары сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының ұлттық үйлестірушісі болды.
2019 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Үндістандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған.
2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Шри-Ланка демократиялық социалистік Республикасындағы, Бангладеш халық Республикасындағы, Непал федеративтік демократиялық Республикасындағы, Бутан корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болды.
2021 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
Жаңалықтар
0