Саясат

ҰҚШҰ бітімгерлерінің соңғы легі Қазақстаннан кетті

© Министерство обороны РФ / Медиабанкке өтуВывод миротворческих сил ОДКБ из Казахстана
Вывод миротворческих сил ОДКБ из Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2022
Жазылу
Бұған дейін Ресейдің әскери-көлік авиациясының ұшақтарымен Армения, Беларусь, Тәжікстанның бітімгершілік контингенттері үйлеріне қайтқан
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар - Sputnik. РФ әскери-көлік авиациясының соңғы төрт ұшағы Қазақстаннан Ресейге ұшып кетті,. Ішінде ҰҚШҰ күштері мен бітімгерлер жетекшісі бар, деп хабарлады РИА Новости Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
"Бортта бітімгерлері бар Ресейдің әскери-көлік авиациясының төрт ұшағы Қазақстанның Нұр-сұлтан және Алматы әуежайларынан ұшып шықты", - делінген хабарламада.
Осы төрт ұшақпен генерал-полковник Андрей Сердюков бастаған бітімгерлердің соңғы бөлімшелері мен бітімгершілік контингентінің қолбасшылығы үйлеріне оралған.
Бұған дейін Ресейдің әскери-көлік авиациясының ұшақтарымен Армения, Беларусь, Тәжікстанның бітімгершілік контингенттері үйлеріне қайтқан.
Қырғызстаннан келген бітімгерлер штаттық техника мен қару-жарақпен колонна құрамында шеру жасап, үйлеріне оралды.
Жаңалықтар
0