Саясат

Қазақстан және Әзербайжан премьер-министрлері телефон арқылы сөйлесті

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Алихан Смаилов
Алихан Смаилов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2022
Жазылу
Биыл Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайылов Әзербайжан Республикасының премьер-министрі Али Идаят оглы Асадовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады primeminister.kz
Әзербайжан Республикасының премьер-министрі Асадов Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.
Али Асадов деструктивті күштердің агрессиясы салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтты, сондай-ақ еліміз үшін осы қиын сәтте Қазақстан халқына деген қолдауын білдірді.
"Әзербайжан – Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі. Біздің елдеріміз арасында сындарлы саяси диалог және екіжақты қарым-қатынастардың кең саласы бойынша жемісті өзара іс-қимыл жолға қойылған. Біз өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және тереңдетуге ниеттіміз", – деді Әлихан Смайылов. Асадоа та Қазақстан премьер-министрін өзіне қолайлы уақытта Әзербайжанға келуге шақырды.
Әзербайжан – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық серіктесі. 2021 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $261 млн құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен үш есе көп және 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден едәуір артық. Биыл Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0