Саясат

Алматыда ҰҚШҰ бітімгерлік күштерін шығарып салу шаралары өтіп жатыр

© AP Photo / Russian Defense Ministry Press ServiceКолонна военной техники ОДКБ
Колонна военной техники ОДКБ - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2022
Жазылу
Қазақстан халқы өз тарихында алғаш рет республика бойынша тараған терроризм мен экстремизм әрекеттеріне қарсы күресті. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы туралы келісім аясында Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей мен Тәжіктанның әскерилер көмекке келді
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бітімгерлік күштерін шығарып салу шаралары басталды.
Хабар 24 арнасының мәліметіне сәйкес, ҰҚШҰ күштерінің уақытшы штабы Алматыдағы жаяу әскер институтында орналасқан болатын. Ресми шара кезінде бітімгерлер қаза болған тәртіп сақшылар мен әскерилерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Қазақстан халқы өз тарихында алғаш рет республика бойынша тараған терроризм мен экстремизм әрекеттеріне қарсы күресті. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы туралы келісім аясында Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстанның әскерилер көмекке келді.
"Бітімгерлік операция кезінде ұйым контингенті қысқа уақыттың ішінде алға қойған мақсаттарды орындай білді. Осыған байланысты Қазақстан басшылығы бітімгерлік миссияны шығаруға шешім қабылдады", - дейді әскерилер.
ҰҚШҰ миссиясы аясында Қазақстанға келген бітімгерлердің арасында Қырғызстанның "Сарышаян" тобы да бар. Осы топқа кіретін 150 сарбаз Алматыда стратегиялық нысандарды күзетті. Олар өздерімен бірге 20 әскери техниканы да алып келген. Элиталық әскер ЖЭС-2 нысанын күзетті. Ертең, 14 қаңтарда "Сарышаянның" сарбаздары еліне қайтады.
Қырғызстан Республикасының элиталық бөлімшесі 1994 жылы 30 наурызда құрылған болатын. Офицерлердің көбісі Тәжікстан мен Ауғанстанда тәжірибе жинады.
"Сарышаянның" қатысуымен бірнеше арнайы операция сәтті орындалды. Мәселен, 1999-2000 жылдары сарбаздар Қырғызстанға шабуыл жасаған халықаралық діни экстремистердің негізгі тобын жойды.
Жаңалықтар
0