Саясат

Әлихан Смайылов Қырғызстан үкіметінің басшысымен сөйлесті

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Алихан Смаилов
Алихан Смаилов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
Ақылбек Жапаров Қазақстанда тезірек тұрақтылық орнауына тілектестік білдірді
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасының премьер-министрі Ақылбек Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі.
Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.
"Қазақстан үкіметі бауырлас Қырғыз Республикасымен стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын берік ұстанады", - деді Әлихан Смайылов.
Әңгіме барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Ақылбек Жапаров Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, Қазақстанда тұрақтылықтың тезірек қалпына келуіне және елдің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерінің табысты шешілуіне тілек білдірді.
Жаңалықтар
0