https://sputnik.kz/20220111/Toqaev-premer-ministr-19109949.html
Тоқаев премьер-министр лауазымына Смайыловтың кандидатурасын ұсынды
Тоқаев премьер-министр лауазымына Смайыловтың кандидатурасын ұсынды
Sputnik Қазақстан
Әлихан Смайылов министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы Асқар Мамин отставкаға кеткеннен кейін Қазақстан үкіметі басшысының міндетін атқарды 11.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-11T10:05+0500
2022-01-11T10:05+0500
2022-02-01T13:05+0500
саясат
әлихан смайылов
премьер-министр
https://sputnik.kz/img/1212/44/12124496_0:0:2048:1159_1920x0_80_0_0_51bf6007b2ce6c38b2fb84a6fc8341b3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс отырысында Әлихан Смайыловтың кандидатурасын премьер-министр лауазымына ұсынды.Президент оны еңбекқор мемлекеттік қызметші деп атады. Депутаттар президенттің шешіміне қолдау білдірді."Қалыптасқан күрделі жағдайда бұл өте дұрыс шешім. Смайыловтың мол тәжірибесі бар, ол үкіметте жауапты қызметтерді атқарды. Премьер-министрдің бірінші орынбасры болып үкіметтің басым бағыттарын басқарды. Нұр-Отан партиясы фракциясы президент енгізген кандидатураны қолдайды", - деді депутат Мұхтар Ерман.Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясы да Смайыловтың кандидатурасын қолдады.Тоқаев пен Смайылов мәжілістің селекторлық отырысына бейне байланыс режимінде қатысып жатыр.Еске сала кетейік, 5 қаңтарда елдегі жаппай наразылықтан кейін президент үкіметті отставкаға жіберді. Премьер-министр міндетін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді. Бұған дейін Смайылов Асқар Маминнің үкіметінде Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болды. Әлихан Смайыловтың өмірбаяныӘлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған.1996 жылы Қазақстан президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алаған.Әр жылдары қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" Ұлттық холдинг президенті, статистика агенттігінің төрағасы, Қазақстан президентінің көмекшісі, қаржы министрі қызметін атқарды. Үкімет отставкаға кеткенге дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары болып істеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1212/44/12124496_0:0:2048:1287_1920x0_80_0_0_7895bcb2c15c8ba9df035f39919b44db.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов, премьер-министр
әлихан смайылов, премьер-министр
Тоқаев премьер-министр лауазымына Смайыловтың кандидатурасын ұсынды
10:05 11.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Әлихан Смайылов министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы Асқар Мамин отставкаға кеткеннен кейін Қазақстан үкіметі басшысының міндетін атқарды
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс отырысында Әлихан Смайыловтың кандидатурасын премьер-министр лауазымына ұсынды.
Президент оны еңбекқор мемлекеттік қызметші деп атады.
"Оның Қазақстан экономикасының болашағына деген көзқарасы дұрыс. Нақты жоспары бар. Әлихан Асханұлы үкіметтің жұмысын жақсы біледі. Оның алдына қойылған міндеттерді абыроймен орындай алатынына сенемін", - деді Тоқаев.
Депутаттар президенттің шешіміне қолдау білдірді.
"Қалыптасқан күрделі жағдайда бұл өте дұрыс шешім. Смайыловтың мол тәжірибесі бар, ол үкіметте жауапты қызметтерді атқарды. Премьер-министрдің бірінші орынбасры болып үкіметтің басым бағыттарын басқарды. Нұр-Отан партиясы фракциясы президент енгізген кандидатураны қолдайды", - деді депутат Мұхтар Ерман.
Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясы да Смайыловтың кандидатурасын қолдады.
Тоқаев пен Смайылов мәжілістің селекторлық отырысына бейне байланыс режимінде қатысып жатыр.
Еске сала кетейік, 5 қаңтарда елдегі жаппай наразылықтан кейін президент үкіметті отставкаға жіберді. Премьер-министр міндетін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді. Бұған дейін Смайылов Асқар Маминнің үкіметінде Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.
Әлихан Смайыловтың өмірбаяны
Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған.
1996 жылы Қазақстан президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алаған.
Әр жылдары қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" Ұлттық холдинг президенті, статистика агенттігінің төрағасы, Қазақстан президентінің көмекшісі, қаржы министрі қызметін атқарды.
Үкімет отставкаға кеткенге дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары болып істеді.