Саясат

"Бұл жолдан таймауға тиіспіз" : Елбасы Қазақстан мен Ресей байланысы туралы айтты

© Photo : пресс-служба ЕлбасыНурсултан Назарбаев и Владимир Путин
Нурсултан Назарбаев и Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2021
Жазылу
Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың аяққа нық тұрғанын және мүше елдер үшін пайдалы екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Санкт-Петербургте өткен ТМД елдерінің бейресми саммитінде кездесті.
Путин Назарбаевтың ТМД аумағындағы рөліне жоғары баға берді.
"Әріптестерімізбен Еуразиялық экономикалық одақ дамуы туралы кез-келген кездесуде мұның сіздің идея болғанын еске алып отырамыз. Біз сізге осы бастама мен ұзақ жылдар бойы одақ дамуының қозғаушы күші болып келгеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Қазақстанмен 2020 жылы экономикалық байланыс тек 4 процентке төмендеді. Есесіне 2021 жылдың тоғыз айында өсім 30 проценттен асты. Бұл біздің қазіргі Қазақстан президенті және үкіметімен атқарған айтарлықтай жұмысымыздың нәтижесі", - деді Путин.
Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде Еуразиялық экономикалық одақ аяққа нық тұрғанын және мүше елдерүшін пайдалы екенін атап өтті.
"Қазақстан атынан мәселелерді шешу үшін президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев келеді. Мен ең тәжірибелі, құрметті қонақ ретінде қатысамын. ТМД-да 1991 жылы Алматыда оны құрғандардан мен ғана қалдым. Бұл күн менің есімде. ЕАЭО аяққа нық тұрды, оған бәрі көз жеткізіп келеді. Біздің мақсатымыз оны одан әрі дамыту, мүше елдер қабылдау. Көпшілігі оның пайдалы екенін түсінетін болады. Бұл теңдік пен бірлік жағдайында жұмыс істейтін бірлестік. Ешкім ешкімнің құқығын шектемейді, ешкімнің мүддесіне нұқсан келтірмейді. Қазіргі күні Батыстың Ресейге қарсы әрекеті кезінде сіздерге қаншалықты салмақ түсіп тұрғанын түсінемін. Ал Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс көпке үлгі. Бұл үлгілі байланыс осы күйінде жаңа президент кезінде де жалғасады деп үміттенемін. Өйткені біз құдай қосқан көршілерміз. Екі елдің мүддесі үшін бұл жолдан таймауға тиіспіз", - деді Назарбаев.
 
Жаңалықтар
0