Саясат

Назарбаев ЕАЭО елдері басшыларына: сіздерді сағынып қалдым

© Sputnik / Абзал КалиевЕлбасы Нурсултан Назарбаев на избирательном участке
Елбасы Нурсултан Назарбаев на избирательном участке  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2021
Жазылу
Елбасы бұл жолғы отырыс Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ЖЕЭК кезекті отырысына қатысып, жиналғандарды жылы қарсы алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жоғары кеңестің құрметті мүшелері, бүгінгі кездесудің құрметті қатысушылары, сіздерді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында көргеніме шын жүректен қуанып отырмын. Өйткені сіздерді көптен көрген жоқпын, сағынып қалдым. Сіздерді дені сау, әдемі көргеніме қуаныштымын", - деді Назарбаев онлайн өткен ЖЕЭК отырысында.
Елбасы бұл жолғы отырыс Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті.
"Мен үшін елді нөлден бастап бүгінгі күнге дейін басқарған тұңғыш президент ретінде 30 жылдық меженің орны өте ерекше. Отыз жыл бұрын уақыт жаңа батыл қадамдарды қажет етті. Біздің елдер арасында сауда байланысын тез арада қалпына келтіру қажет болды. Дәл сол кездерде Мәскеу мемлекеттік университетінің қабырғасында 1994 жылы мен ЕАЭО құру туралы идеяны ұсындым. Ортақ тарихқа географиялық жағынан жақын елдердің бірлескен өзара тиімді интеграция негізінде дамудан басқа жолы жоқ екеніне сенімдімін", - деді Назарбаев.
Айтуынша, ЕАЭО ұлттық экономикалардың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін ауқымды бірыңғай нарыққа айналды. Осы уақытта одақ мүшелері бір-біріне көмектесетін сенімді серіктес екенін дәлелдеді.
Сөз соңында Назарбаев жиналғандарды Жаңа жылмен құттықтады.
"Осы сәтті пайдаланып, барлығыңызды келіп жеткен Жаңа жылмен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, жемісті жұмыс тілеймін. Әлемдегі, ел ішіндегі қиын жағдайдан абыроймен шығуды нәсіп етсін", - деді ол.
10 желтоқсанда ЕАЭО елдері басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті. Шара онлайн форматта ұйымдастырылды.
ЖЕЭК отырысына Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрғасы, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ЕАЭО елдері басшылары, ЕАЭО жанындағы бақылаушы елдер – Өзбекстан, Куба елдерінің президенттері мен Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Михаил Мясников қатысты.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0