Саясат

Тоқаев Қырғызстан президентін құттықтады

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезиденты Казахстана и Кыргызстана сделали совместное заявление
Президенты Казахстана и Кыргызстана сделали совместное заявление - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2021
Жазылу
Әңгіме барысында екі елдің басшысы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты тереңдетуге бағытталған уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады
АЛМАТЫ, 6 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Екі елдің басшысы телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс пен бақ-береке тіледі.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Жоғарғы Кеңесіне сайлаудың сәтті өткеніне қолдау білдіріп, парламенттің жаңа құрамы мемлекеттің тұрақты дамуына қомақты үлес қосатынына және қазақ-қырғыз достығын, тату көршілік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді", - делінген ақпаратта.
Әңгіме барысында екі елдің басшысы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты тереңдетуге бағытталған уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.
Садыр Жапаров 1968 жылы 6 желтоқсанда Ыстықкөл облысы Түп ауданы Кең-Суу ауылында туған.
2021 жылдың 28 қаңтарынан бастап Қырғызстан президенті қызметін атқарады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0