Саясат

Мемлекет басшысы Даниал Ахметовке тапсырма берді

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана "Акорда" (слева) и здание правительства РК (справа)
Резиденция президента Казахстана Акорда (слева) и здание правительства РК (справа) - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2021
Жазылу
Кездесу барысында ШҚО-да ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды. Әкім мәліметі бойынша 2022 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 4 есе арттыру көзделген

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Өңір басшысы Тоқаевқа өңірдің биыл он ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді.

Облыс әкімінің айтуынша, халыққа вакцина салу жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Вакцина алуға тиісті тұрғындардың 100 проценті екпенің бірінші компонентін алған, ал екінші компонентін 7 желтоқсанға дейін салу жоспарланған.

Кездесу барысында облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды. Даниал Ахметовтің мәліметі бойынша 2022 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 4 есе арттыру көзделген.

Президентке жақында ашылған "Үлбі-ТВС" зауытының жұмысы туралы баяндалды. Кәсіпорында жылу энергиясын алуға арналған инженерлік құрылымдар шығарылады және 140 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауытта жылына 200 тонна уран отыны өндіріледі.

Мемлекет басшысы облыс әкіміне жылыту маусымы кезінде қазандықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қадағалап, тұрғындарды көмірмен қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру жұмысын жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0