Саясат

Өзбекстан президенті Қазақстанға келеді

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанҚасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Жазылу
Екі елдің үкіметтеріне алдағы келіссөздердің жоғары деңгейде жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жыл соңына дейін мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында президенттер екіжақты күн тәртібіндегі барлық бағыт бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты. 

Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға, инвестициялық ықпалдастықты нығайтуға, сондай-ақ өнеркәсіп, машина жасау, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға басымдық берілді.

"Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көпжақты қатынастарға тың серпін беру мақсатында тараптар президент Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапарын жыл соңына дейін ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді",- делінген хабарламада.

Осыған байланысты екі ел үкіметтеріне алдағы келіссөздердің жоғары деңгейде жүргізілуін қамтамасыз етуге тапсырма берілді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0