03:39 01 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.16
  • EUR493.29
  • RUB5.81
Саясат
Қысқа сілтеме алу
69 0 0

Жиында бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы мен кеңес мүшелерінің ұсыныстары талқыланады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жиын барысында президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ Ұлттық кеңес мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелері жөніндегі ұсыныстары талқыланады.

Ұлттық кеңестің өңірлердегі мүшелері жиынға онлайн қатысып отыр.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылы 12 маусымда құрылған еді. Содан бері кеңестің бес отырысы өтті.

Ұлттық кеңестің бастамаларынан кейін митинг туралы алдын ала хабарлау, партиялық тізімде әйелдер мен жастарға 30% квота бөлу, мәжіліске өту шегін 7%-тен 5%-ке дейін төмендету, сайлау бюллетеніне "Бәріне қарсымын" тармағын енгізу, ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу, шетелдіктерге жерді сатуға тыйым салу сынды маңызды шешімдер қабылданды.

Оқи отырыңыз: "Мен ондай адам емеспін": Арман Шораев ұлттық кеңестен неге кеткенін айтты

Бес отырыстың қорытындысы бойынша елде 17 заң, президенттің үш жарлығы мен үкіметтің 18 қаулысы, министрліктердің 29 бұйрығы қабылданды.

Ұлттық кеңес деген не

Ұлттық кеңес – президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Кеңес қызметінің негізгі мақсаты – жұртшылықтың, саяси партиялар мен азаматтық қоғам өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау.

Кеңес құрамына түрлі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, құқық қорғаушылар, танымал сарапшылар кіреді.

Тақырып бойынша

Желіде Тоқаевтың бейресми кездесуінің суреті жарияланды
Президенттің баспасөз хатшысы Тоқаевтың жұмыс кестесі туралы айтты
Мамин Тоқаевқа эпидахуал мен азық-түлік бағасы туралы баяндады
Түрікменстан президенті Тоқаевқа жылқы мен тазы сыйлады – видео
Тоқаевтың арнаулы өкілі Ауғанстанға не үшін келді
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, президент
Загрузка...

Басты тақырып