Саясат

Биліктің өкілеттігі қайта бөлінеді – сенаторлар заңды мақұлдады

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаДепутаты на заседании
Депутаты на заседании - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2021
Жазылу
Бюджет және қылмыстық-атқару кодекстерінен бөлек 46 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Сенат депутаттары мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Құжаттың негізгі мақсаты - басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу арқылы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ, шешімдерді қабылдау жұмысын жеделдету.

Осыған орай, Бюджет және Қылмыстық-атқару кодекстерінен бөлек 46 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Сөйтіп, үкіметтің бірқатар өкілеттіктері орталық атқарушы органдарына бірқатар беріледі. Олар:

  • ұлттық экономика министрлігіне – стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті жасау және ұсыну тәртібін белгілеу; ең төмен әлеуметтік стандарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
  • индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне – жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды тексеріп қарауды жүргізудің тәртібі мен талаптарын бекіту;
  • машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіру; тексеріп қарау кезінде (азаматтық авиация саласында) қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту;
  • әділет министрлігіне – акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің, өндірістік кооперативтің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қызметті жүзеге асыруы үшін үлгілік жарғыны бекіту;
  • мәдениет және спорт министрлігіне – облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгілік ережені бекіту;
  • қаржы министрлігіне – аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту; кәсіби ұйымдар, сертификаттау жөніндегі ұйымдар куәлігінің нысандары мен оларды аккредиттеу ережелерін бекіту;
  • фильтрлі, фильтрсіз сигараларға және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу;
  • денсаулық сақтау министрлігіне – ядролық сынақтармен себепті байланысы бар деп танылуы мүмкін аурулардың тізбесін бекіту;
  • кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарында және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында күтіп-бағуға және оқытуға кедергі келтіретін аурулардың тізбесін бекіту;
  • еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне – ақталған азаматтарға бірыңғай үлгідегі куәліктер беру тәртібін бекіту;
  • экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібін бекіту;
  • ішкі істер министрлігіне – қамау немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдардың тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына бара жатқан жолына тегін жол жүрумен, сондай-ақ тамақ өнімдерімен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;
  • қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың есебін жүргізу; өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне – Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртібін айқындау;
  • білім және ғылым министрлігіне – халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту; қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне (олардың мөлшерлеріне) кепілдік беру қағидаларын бекіту;
  • цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне – аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
  • сауда және интеграция министрлігіне – Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту;
  • сыртқы істер министрлігіне – халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу;
  • Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;
  • экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту; биоалуантүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту.

Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдарға білім және ғылым, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы, мәдениет және спорт бойынша бірқатар функциялар беріледі.

Сенаторлар заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Ал экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетіне құжатты екінші оқылымға әзірлеуге тапсырма берілді.

Жаңалықтар
0