Саясат

Өзбекстан президенті сайлауы: Нұр-Сұлтанда дауыс беру қалай өтіп жатыр – фото

© Sputnik / Абзал КалиевЕлордадағы Өзбекстан президенті сайлауы
Елордадағы Өзбекстан президенті сайлауы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2021
Жазылу
Президент сайлауы елорда уақытымен таңғы сегізден кешкі сегізге дейін өтеді. Сайлау қорытындысы Өзбекстанда 3 қарашаға дейін шығарылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Жексенбі, 24 қазанда Өзбекстанда президент сайлауы басталды.

© Sputnik / Абзал КалиевДауыс беру елорда уақытымен 8:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады
Өзбекстан президенті сайлауы: Нұр-Сұлтанда дауыс беру қалай өтіп жатыр – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2021
Дауыс беру елорда уақытымен 8:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады

Қазақстанның барлық өңірінде дауыс беру ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтанда кандидаттардың біріне Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігі аумағында, Қарасаз көшесі, 1 мекенжайында орналасқан N20 учаскеде дауыс беруге болады.  

© Sputnik / Абзал КалиевСайлау қорытындысы Өзбекстанда 3 қарашаға дейін шығарылады
Өзбекстан президенті сайлауы: Нұр-Сұлтанда дауыс беру қалай өтіп жатыр – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2021
Сайлау қорытындысы Өзбекстанда 3 қарашаға дейін шығарылады

Дауыс беру елорда уақытымен 8:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. Сайлауға Өзбекстанның кез келген азаматы (18 жастан бастап) қатыса алады. Азаматтың өзімен бірге өзбек паспорты болуға тиіс.

© Sputnik / Абзал КалиевДауыс беру учаскелері Қазақстанның барлық өңірінде ашылды
Өзбекстан президенті сайлауы: Нұр-Сұлтанда дауыс беру қалай өтіп жатыр – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2021
Дауыс беру учаскелері Қазақстанның барлық өңірінде ашылды

Биыл Өзбекстан президенттігіне бес кандидат үміткер: Шавкат Мирзиеев, Максуда Варисова, Бахром Абдухалимов, Алишер Кадыров және Нарзулло Обломуродов.

Сайлау қорытындысы 3 қарашаға дейін шығарылады. Егер бірде бір кандидат 50%-тен артық дауыс жинамаса, сайлаудың екінші кезеңі белгіленеді. Оған ең көп дауыс жинаған екі үміткер өтеді. Сайлаушылардың 33 пайыздан астамы қатысқан жағдайда ғана сайлау өтті деп саналады.

Өзбекстан президенті бес жылға сайланады.

Жаңалықтар
0