Саясат

Назарбаев балалары жайлы: бәрі мені тыңдайды, бірақ дауласады

© Sputnik / Владислав ВодневПервый президент Казахстана Нурсултан Назарбаев появился на празднике в чапане
Первый президент Казахстана Нурсултан Назарбаев появился на празднике в чапане - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2021
Жазылу
"Штрихи к портрету. Откровение" деректі фильмінің кезекті бөлімінде Нұрсұлтан Назарбаев балалары өмірлік жолын өздері таңдады ма деген сұраққа жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев балаларына өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Штрихи к портрету. Откровение" деректі фильмінің кезекті бөлімінде Нұрсұлтан Назарбаев балалары өмірлік жолын өздері таңдады ма деген сұраққа жауап берді.

"Балаларға таңдау жасауға мүмкіндік берген жөн. Әдетте ата-аналар балаларының өздерінің ізін жалғастырғанын қалайды. Ал олар ата-анасына қарап өседі. Сөзіне емес, іс-әрекетіне – ол қайда жұмыс істейді, қалай жұмыс істейді, не істейді. Сол себепті мен ақыл айтпаймын. Дариға тарих факультетін таңдады, оқып шықты. Қалғандары да солай", - деді Назарбаев.

Елбасы тек балаларына бағыт-бағдар беретінін атап өтті.

"Медицина, биология, фармацевтика, интернет, жаңа технологиялар, ғылым. Осындай жалпы бағдар беремін. Қалғанын өзі шешеді", - деді Елбасы.

"Үйдегілер сізбен дауласа ма, көзқарасыңызбен келіспейтін кездер бола ма?", деген сауалға былай деп жауап берді.

"Бәрі мені тыңдайды, бірақ балалар дауласады. Мен оларға сөз таластыруға, өз ойын жеткізуге рұқсат беремін. Кейде "біздің сөзімізге біреу құлақ аса ма, жоқ па?" деп сұрайды. Мен "ал, айтыңдар" деймін. Мен оларға еркін сөйлеуге және қалаған нәрсесін жасауға рұқсат етемін", - деді тұңғыш президент.

Жаңалықтар
0