05:49 26 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.07
  • EUR494.14
  • RUB6.06
Саясат
Қысқа сілтеме алу
256 0 0

Жарлықтың орындалуын бақылау президент әкімшілігіне жүктелді. Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев он ұлттық жоба бекітті, деп хабарлайды Ақорда.

"Үкімет заңнамада белгіленген тәртіппен ұлттық жобаларды бекітсін. Осы жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын", - делінген құжат мәтінінде. 

Жарлықтың орындалуын бақылау президент әкімшілігіне жүктелді. Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық жобалар тізбесі

  1. "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасы.
  2. "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасы.
  3. "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасы.
  4. "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасы.
  5. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
  6. "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы.
  7. "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасы.
  8. "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы.
  9. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
  10. "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы.

Кеше, 12 қазанда үкімет мемлекеттік органдар әзірлеген ұлттық даму жобаларын қараған болатын. Мемлекет басшысы 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі жолдауында мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшу туралы тапсырма берді. Ұлттық жобалар Жалпыұлттық басымдықтарды, Ұлттық даму жоспарын және Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру үшін әзірленді.

Ұлттық жобалардың басым міндеттері - экономика тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі күшейту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.

Премьер-министр ұлттық жобаларды бюджет қаражаты мен жеке инвестиция есебінен қаржыландыру көзделгенін айтты.

Ұлттық жобаларды қаржыландыруға 49 триллион теңге жұмсау жоспарланған. Оның 33 триллионы, яғни 67%-і - жеке инвестиция.

Тақырып бойынша

Ұлттық жобалар халықтың тұрмысын жақсартуға тиіс – Тоқаев
Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға шала жұмыстар кесірін тигізбеу керек – президент
Тоқаев Назарбаевты ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды
Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады
Қазақстан экономикасы қазір қандай күйде
Кілт сөздер:
мемлекет басшылары, ұлттық, жоба
Загрузка...

Басты тақырып