04:42 26 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.07
  • EUR494.14
  • RUB6.06
Саясат
Қысқа сілтеме алу
892613

2020 жылы ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы онлайн режимде өтті. Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттері қатысты

АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қазанда ТМД-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кеңес бейнебайланыс режимінде Беларусь Республикасының төрағалығымен өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"ТМД елдерінің басшылары достастық аясындағы ынтымақтастықты тереңдетудің жағдайы мен перспективаларын талқылайды", - деп жазды Уәли Facebook парақшасында.

Айта кетері, 2022 жылы ТМД ұйымына Қазақстан төрағалық етеді.

2020 жылы ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы онлайн режимде өтті. Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттері қатысты.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы – 1991 жылы 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.

Оқи отырыңыз: 

Тақырып бойынша

"Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз": Тоқаев АҚШ елшісімен кездесті
Тоқаев Назарбаевты ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды
Тоқаев Ресей президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Тоқаев жаңа жәрдемақы туралы заңға қол қойды
"Серіктестігіміздің басталғанына қуаныштымыз": Тоқаев "Сибурдың" басшысымен кездесті
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, ТМД, басшы
Загрузка...

Басты тақырып