Саясат

Қазақстанның ауған халқына қандай көмек көрсететіні белгілі болды

© Associated Pressауғандықтар, архив сурет
ауғандықтар, архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы Қазақстанның Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі халықаралық күш-жігерге қосқан үлесі туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 2,5 мың тонна астық жеткізуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілеріне Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі кезінде айтты, деп хабарлады Ақорда.  

Президент рәсім кезінде Ауғанстандағы жағдайға да тоқталып, осы елдің жаңа билігін зорлық-зомбылықты, заңсыз есірткі тасымалын және бақылаусыз көші-қонды болдырмау жөніндегі міндеттерін орындауға шақырды.

Сонымен қатар мемлекет басшысы елшілерге Қазақстанның Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі халықаралық күш-жігерге қосқан үлесі туралы айтты.

"Ауған халқына гуманитарлық көмек ретінде құны 2,5 миллион доллар болатын 5 мың тонна бидай ұнын жеткізу мәселесін пысықтап жатырмыз. Мұндай көмек аталған елге тұрақты түрде беріліп отырады", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында дипломаттарға табыс тілеп, олардың мемлекеттері мен үкіметтерінің басшыларына сәлемін жолдады.

Айта кетері, Ауғанстан екі айға жуық уақыт бойы Талибан* қозғалысының бақылауында отыр. Бұл Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған экстремистік діни ұйым. Көптеген ел өз азаматтарын эвакуациялады, оның ішінде Қазақстан да бар.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0