Саясат

Ауғанстан жаңа билігі көрші елдермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға ниетті

© Photo : министерство иностранных дел Республики КазахстанПосол Казахстана в Афганистане Алимхан Есенгельдиев на встрече с и. о. главы МИД Афганистана Амиром Ханом Муттаки
Посол Казахстана в Афганистане Алимхан Есенгельдиев на встрече с и. о. главы МИД Афганистана Амиром Ханом Муттаки - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Жазылу
Кабулдағы Қазақстан елшісі  Әлімхан Есенгелдиев Ауғанстан уақытша үкіметі сыртқы істер министрінің міндетін атқарушымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Ауғанстанның сыртқы істер министрлігінің басшысы Амир Хан Муттаки ауған халқына көмек көрсетуге әзірлік білдіргені үшін Қазақстанға алғыс білдірді. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Кабулдағы Қазақстан елшісі  Әлімхан Есенгелдиев Ауғанстан уақытша үкіметі сыртқы істер министрінің міндетін атқарушымен кездесті.

Тараптар ауған халқына азық-түлік және гуманитарлық көмек көрсету мәселелерін талқылады. 

"Ауғанстанның сыртқы саяси ведомствасының басшысы Қазақстан тарапына өтпелі қиын кезеңде ауған халқына елеулі қолдау көрсетуге әзірлік білдіргені үшін алғысын айтты", - деп жазылған Қазақстан сыртқы істер министрлігінің сайтында.

Оның пікірінше, Ауғанстанның жаңа билігі барлық елмен, бірінші кезекте көршілермен және өңірдегі мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға ниетті. Сондай-ақ ел аумағынан олардың қауіпсіздігіне қандай да бір қатер туындауына жол бермеуге дайын екендігін растайды.

Министр Қазақстанның сыртқы саясатына, соның ішіндегі ауған бағытындағы ұстанымына құрметпен қарайтынын атап өтті.

Ауғанстандағы ахуал

Ауғанстан бір айдан астам уақыт бойы Талибан* қозғалысының бақылауында отыр. Бұл Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған экстремистік діни ұйым. Көптеген ел өз азаматтарын эвакуациялады, оның ішінде Қазақстан да бар.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0