Саясат

Тоқаев: ШЫҰ елдері COVID-ке қарсы вакциналау паспортын өзара мойындауы қажет

© Sputnik / Абзал КалиевЭлектронный паспорт вакцинации
Электронный паспорт вакцинации  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2021
Жазылу
Қазақстан президенті коронавирусқа қарсы күрес халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып қала береді деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек — Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің вакциналау паспорттарын өзара мойындау рәсімін жеделдету қажет, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

"ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде вакциналау паспорттарын өзара мойындау рәсімінің жеделдетілуі және олардың көпжақты жүйеге біріктірілуі елдеріміз бастан өткеріп отырған қиындықтарды еңсеруге септігін тигізетініне сенімдімін", - деді Тоқаев ШЫҰ-ға мүше елдердің президенттері бас қосқан отырыста.

Ол коронавирусқа қарсы күрес халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып қала беретінін айтты. Қазақстан президенті ШЫҰ бойынша серіктестері пандемияның ең ауыр кезеңінде өзара гуманитарлық көмек көрсете отырып, шын мәнінде, ізгіліктің үлгісін көрсеткенін атап өтті.

"Халықтың жаппай иммунитетін арттыру арқылы ғана пандемияны еңсеру мүмкін болады. Сондықтан БҰҰ терминологиясын қолдана отырып, біз "кейбіреулерді артта қалдыруға" жол бере алмаймыз. Бұл ретте Қазақстан алғашқы сынақтан өткен өзінің QazVac вакцинасын ұсынады. Клиникалық сынақтар оның тиімділігін дәлелдеді. Біз аталған препаратты көрші елдерге гуманитарлық көмек ретінде тасымалдай бастадық", - деді Тоқаев.

Сонымен қатар Қазақстанның Naruvax-C19 және Naruvax-C19/Nano әзірлемелері COVID-19 індетіне қарсы үміткер вакцина ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының реестріне енгізілді. Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде вакциналау паспорттарын өзара тану рәсімінің жеделдетілуі және олардың көпжақты жүйеге біріктірілуі елдеріміз бастан өткеріп отырған қиындықтарды еңсеруге септігін тигізетініне сенімді екенін айтты.

Оқи отырыңыз: 

 

 

Жаңалықтар
0