Саясат

Қазақстан болашақ Ауғанстанды бейбіт өмір сүретін ел болады деп санайды – Тоқаев

© Официальный сайт Президента КазахстанаСаммит Шанхайской организации сотрудничества в Душанбе
Саммит Шанхайской организации сотрудничества в Душанбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2021
Жазылу
Президент Ауғанстанға  халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ-ның гуманитарлық "хабын" ұйымдасыруды ұсынды  

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанның болашағын қалай көретінін айтты.  

"Қазақстан болашақ Ауғанстанды өз ішінде және көршілес елдермен, шын мәнінде, бейбіт өмір сүретін тәуелсіз әрі біртұтас мемлекет болады деп санайды", - деді ол Душанбедегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде.

"Тағдырдың тәлкегіне түскен осындай тарихи сәтте көпұлтты Ауғанстан халқы шектен тыс қиыншылықтармен бетпе-бет қалмауға тиіс. Ықпалы зор ШЫҰ бұл елде бейбітшілік пен келісімнің үстемдік құруы үшін  белсенді рөл атқара алады және атқаруы қажет деп санаймын. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанда ғана қазіргі қауіпке қарсы күресте өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз. Қазақстан өз тарапынан деструктивті идеология ағынының, есірткі тасымалының және Ауғанстаннан тыс жерлерге бақылаусыз көшудің жолын кесу үшін өңірлік серіктестерімізбен арадағы ықпалдастықты кеңейтеді, – деп атап өтті президент.

"Бізге үлкен ойындар қажет емес": Тоқаев ШЫҰ саммитінде маңызды мәселе көтерді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның гуманитарлық және экономикалық проблемаларды бастан өткеріп отырған Ауғанстанға барынша көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

"Қазақстанның инфрақұрылымдары мен логистикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Ауғанстанға  халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ-ның гуманитарлық "хабын" ұйымдасыруды ұсынамыз. Бұл қадам аймақтағы өткір мәселелерді шешу ісіндегі біздің Ұйымның рөлін арттыруға, сондай-ақ, БҰҰ мен басқа да халықаралық құрылымдардың қызметіне үйлесімді түрде атсалысуға ықпал ететініне сенімдімін", – деді мемлекет басшысы.

Жаңалықтар
0