10:26 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Саясат
Қысқа сілтеме алу
47 0 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қазақстан президентінің Тәжікстанға жұмыс сапары осы елдің басшысы Эмомали Рахмонмен кездесуден басталды. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді. 

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев встретился с Президентом Таджикистана Эмомали Рахмоном
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

Президент Душанбе қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында өзекті жаһандық мәселелерді талқылау аса маңызды екенін айтты.

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев встретился с Президентом Таджикистана Эмомали Рахмоном
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

"Қонақжай Тәжік елінің, Душанбе қаласының алдағы самиттерге дайындығы өте жоғары деңгейде екен. Біздің тарап министрлер деңгейінде қажетті құжаттарды пысықтады. Қол қойылатын құжаттарды отырыс барысында жан-жақты талқылаймыз деп ойлаймын", — деді Қазақстан президенті.

Тараптар екіжақты форматта да, көпжақты құрылымдар аясында да бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруге дайын екенін атап өтті.

Загрузка...

Басты тақырып