Саясат

Журналист: Украинада орыс тілін шектеу нәтиже бермеді

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуКиевтегі "Немой президент - не мой президент!" акциясының қатысушылары
Киевтегі  Немой президент - не мой президент! акциясының қатысушылары - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2021
Жазылу
Sputnik-ке берген эксклюзивті сұхбатында украин журналисі Анатолий Шарий Украинадағы демократияғы қатысты қиындықтар мен ағылшын тілі мұғалімдерінің басына түскен проблемалар туралы айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек — Sputnik. Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі 20 тамызда журналист және саяси қайраткер Анатолий Шарийге қарсы санкциялар енгізді.

Шарий Украина президенті Зеленскийдің АҚШ-қа іссапары журналистің сайтын бұғаттауға тікелей әсер еткеніне сенімді. Бұл туралы Анатолий Шарий "Sputnik на русском" YouTube арнасының эфирінде әңгімеледі. Ол негізгі ойларымен тілші Мария Круземен сұхбат кезінде бөліскен.

Зеленский АҚШ-қа не үшін барды? 

Украина президенті Зеленскийдің АҚШ көшбасшысы Джо Байденмен кездесуіне Анатолий Шарий скептикалық көзқараспен қарайтынын жеткізді. Бұл кездесу 45 минутқа жоспарланғанмен екі сағатқа созылды.

"Мен оның айтқандарын тыңдап шықтым. Ойы шатасып жатқаны байқалады. Жалпы мен өзім оның осы сапарындағы басты мақсат – менің YouTube арнамды бұғаттау үшін Google және YouTube өкілдерімен келісу екеніне сенімдімін", - дейді Шарий.

Суд по делу журналиста Кирилла Вышинского в Киеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2021
Әлем
Украина қалай репрессия мен цензура еліне айналды

Бірақ Зеленскийге Шарий аккаунтымен күресудің не керегі бар?

Украина билігі оппозиционер деп санайтын журналист мұның себебі белгілі екенін айтты: "Телевидение қазір толығымен Зеленскийдің бақылауында. Бағынбағандар жабылды. Алайда ол қарсы тұра алмайтын бір аумақ бар. Ол – YouTube".

Шарийге қарсы санкциялар туралы бұйрыққа сәйкес, украин провайдерлері оның ресми сайтына, сондай-ақ әлеуметтік желідегі парақшаларына ел аумағындағы қолжетімділікті бұғаттауы керек.

"Мен Google-мен байланыстамын. Осы жағдай туралы оларға ескерттім. Менің сайтымда ешқандай жеке пікір немесе бағалау сипатындағы талқылаулар болған емес. Керісінше, мен ресурсты бұрынғы Би-Би-Си стандарты бойынша дайындағым келді. Тағы айтамын, ескі стандарт бойынша! Сонда ол не үшін бұғатталуы керек?", - дейді Анатолий Шарий.

Украин тілі кең қолданысқа ие емес

Владимир Зеленский АҚШ-қа барғанында Украинада демократия өріс жайғанын, елде сөз бостандығы бар екенін айтты. Бірақ цифрлық трансформация министрі Михаил Федоров YouTube жұмысына араласуды қалап отыр, дейді Анатолий Шарий.

"Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында YouTube трендтерінде орыс орындаушыларының жүргеніне қарсы екенін ашық жазды. Мұны цифрлық трансформация министрі айтты. Ол жасы сексенге жақындаған азамат болса, түсінер едім. Бірақ жас жігіт (Федоров 1991 жылы туған – агенттік ескертпесі) осылай десе, бұл маразм белігісі", - дейді Шарий.

Анатолий Шарий YouTube алгоритмі бойынша "Трендтер" бөлімінде аудитория арасында танымал видеолар шығарылатынын айтты.

"Егер Моргенштернді көп қараса, онда жүйе дәл сол Моргенштернді көруге ұсынады. Егер қатаң модерация жүрсе, елде музыка қалмайды. Орыстілді әншілер Украинадан шығарылғанымен, Ресейде жарқырап жүр", - дейді ол.

Президент Украины Владимир Зеленский на пресс-конференции по итогам встречи в Нормандском формате  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2021
Әлем
Украина билігі неге тұрақтылықты қамтамасыз ете алмай отыр

Ал Михаил Федоров Украинаның интернет кеңістігінде ресейлік әртістерге тыйым салынса, жергілікті музыка дамиды деп санайды. Анатолий Шарий болса Википедияның украин үлгісіне көз салудың өзі жеткілікті деп ойлайды.

"Ол әлі былыққа толы. Украина википедиясында жеке басқа тіл тигізуге рұқсат берілген. Жалпы телевидениеде орыс тілін шектеу украин фильмдерінің көбеюіне алып келген жоқ. Жиырма бірінші ғасырда бірдеңені күштеп тежеу арқылы басқа өнім шығару мүмкін емес", - деді журналист.

Ағылшын тілі мұғалімдерінің басына күн тууы мүмкін

Шарий өзіне қатысты санкциялар Конституцияны өрескел бұзу екеніне сенімді.

"Украина азаматтарына қарсы санкциялар енгізуге болмайды. Әрине, олар терроризмді қаржыландырмаса. Ал санкциялар маған, әйеліме және анама қарсы енгізілді. Бірақ біз терроризмді қаржыландырмаймыз", - дейді ол.

Осы жылдың ақпанында Шарийді мемлекеттік сатқын деп айыптады. Оған ресейлік телеарнада Шарийдің әңгімесін ұсынған эфир себепші болды.

"Бұл украин көтеріліс армиясы 1943 жылы пойызға шабуыл жасағаны туралы әңгіме. Бұл – тарихи факт. Сонымен қатар мені мультитілділікті насихаттайды деп айыптады. Бұл мемлекеттік сатқындыққа жата ма? Иә, 15 жыл түрмеге жабу бүгінде Украинаның ақиқатына айналды", - деді Анатолий Шарий.

Шарий дәл осы әдіспен ағылшын тілі мұғалімдерін де қудалауға болады, себебі олар да мультитілділікті насихаттайды емес пе, деп пікір білдірді.

"Бізге тағылған айып ақылға қонымсыз. Бізді неге бұғаттады? Бұл ақпарат құпия дейді. Сонда Украина құпия ақпарат бойынша санкция енгізіп отыр ма?", - деді Анатолий Шарий.

Оқи отырыңыз: Отыз жылдан кейінгі Украина: таңдау жасаудағы қиындық

Жаңалықтар
0