Саясат

Тоқаев Алматы облысына барды

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии открытия памятника Елбасы Нурсултану Назарбаеву
Касым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии открытия памятника Елбасы Нурсултану Назарбаеву - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы медициналық құралдар, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және жағармай шығаратын бірқатар өндірістік кәсіпорынды аралап, жұмысымен танысады

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

"Бүгін президент Алматы облысына сапары барысында "Қайсар-2021" шұғыл-тактикалық оқу-жаттығуларын көреді", - деді ол.

Сонымен қатар мемлекет басшысы медициналық құралдар, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және жағармай шығаратын бірқатар өндірістік кәсіпорынды аралап, жұмысымен танысады.

23 тамызда мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар іс-шара өткізеді. Сонымен қатар бейнеконференция форматында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады.

Жаңалықтар
0