Саясат

Тоқаевтың Кореяға мемлекеттік сапарынан суреттер жарияланды

© Официальный сайт Президента КазахстанаПосле того, как прозвучали государственные гимны Казахстана и Южной Кореи, президенты обошли строй Почетного караула
После того, как прозвучали государственные гимны Казахстана и Южной Кореи, президенты обошли строй Почетного караула - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы 16 тамызда президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея астанасы Сеул қаласына мемлекеттік сапармен барды

АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мемлекет басшысы 16 тамызда президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея астанасы Сеул қаласына мемлекеттік сапармен барды. Бүгін, 17 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары Көк үйдегі ресми рәсімнен басталды, деп хабарлады Ақорда.

Қазақстан президентін Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин салтанатты түрде қарсы алып, құрмет көрсетті.

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін, мемлекеттер басшылары Құрмет қарауылын бойлай өтіп, екі елдің туына тағзым етті және ресми делегациялардың құрамымен таныстырды.

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары Көк үйдегі ресми рәсімнен басталды
Тоқаевтың Кореяға мемлекеттік сапарынан суреттер жарияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары Көк үйдегі ресми рәсімнен басталды

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Айта кетері, бұған дейін қос тарап Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың кең ауқымды мәселелерін қарастырып, келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылатыны айтылды.

Мемлекет басшысының жоспарына сәйкес, Тоқаев әрі қарай Кореяның ұлттық батыры, өмірінің соңғы жылдарында Қазақстанда тұрған генерал Хон Бом Доны еске алуға арналған іс-шараға қатысып, Отан үшін құрбан болғандардың монументіне гүл шоғын қояды.

Бұдан кейін Кореяның ірі компанияларының қатысуымен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді. Сондай-ақ БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунмен жүздесу жоспарланған.

Жаңалықтар
0