06:53 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Саясат
Қысқа сілтеме алу
3376 0 0

Мемлекет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың есебін тыңдады

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі президентке мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы мен бірінші жартыжылдықтағы жұмыстың негізгі бағыттары туралы баяндады.

Ведомство басшысы өңдеу өнеркәсібінің дамуы жөнінде егжей-тегжейлі есеп берді. Оның айтуынша, жыл басынан бері өсім көрсеткіші 5,6 процентке, соның ішінде, фармацевтика 31 процентке, машина жасау саласы 22%-ке, химия 2,8%-ке және металлургия 0,8 процентке артқан.

"Бұдан бөлек жыл соңына дейін қосымша 126-дан астам жоба іске қосылады. Бұл жобаларға 1,1 триллион теңге көлемінде инвестиция салынған", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Мемлекет басшысына "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жыл басынан бері ұзындығы 2,2 мың шақырым автомобиль жолдары пайдалануға берілгені жөнінде баяндалды. Транзиттік жүк тасымалы артып келеді, соның ішінде, Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша бұл көрсеткіш 59 процентке өскен.

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша бүгінде 6,6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 17 миллион шаршы метрге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев ведомство жұмысының негізгі бағыттары бойынша тапсырма берді. 

Мемлекет басшысы жергілікті қатынас жолдарын дамыту және қайта жөндеу, сондай-ақ, жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысын маңызды міндеттер ретінде атап өтті.

Тақырып бойынша

Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Тоқаев: былтыр жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды
Тоқаев вакциналау паспортын қолдан жасағандар қатаң жазаланатынын айтты
"Қайғырып көңіл айтамын": Тоқаев Си Цзиньпинге жеделхат жолдады
Тоқаев ардагер журналисті 100 жасқа толуымен құттықтады
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, баспана, жол, құрылыс
Загрузка...

Басты тақырып