Саясат

"Қайғырып көңіл айтамын": Тоқаев Си Цзиньпинге жеделхат жолдады

© Sputnik / Тимур БатыршинЗапуск компрессорной станции на газопроводе "Бейнеу-Бозой-Шымкент"
Запуск компрессорной станции на газопроводе Бейнеу-Бозой-Шымкент - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2021
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев қажеттілік болған жағдайда Қазақстан үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын екенін нақтылады

АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы Қытайдың Хэнань провинциясындағы толассыз жаңбыр мен су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өзімнің атымнан сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ, бүкіл Қытай халқына қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түссіз жоғалғандардың аман-есен отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін", – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев қажеттілік болған жағдайда Қазақстан үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын екенін нақтылады.

Қытайдың Хэнань провинциясында нөсер жаңбыр салдарынан қаза тапқандардың саны 33 адамға жетті, тағы сегіз адам хабар-ошарсыз кетті.

© REUTERS / ALY SONGҚытайдың Хэнань провинциясы
Қайғырып көңіл айтамын: Тоқаев Си Цзиньпинге жеделхат жолдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2021
Қытайдың Хэнань провинциясы

Апат аймағында үш миллионнан астам адам бар, қауіпті аудандардан 375 мың тұрғын шұғыл эвакуацияланды.

Жаңалықтар
0