Саясат

"Мен енді еркін адаммын": Назарбаев Путинге не айтты – видео

© Photo : пресс-служба ЕлбасыНурсултан Назарбаев и Владимир Путин
Нурсултан Назарбаев и Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2021
Жазылу
Назарбаев Путиннің "Сізді әлдеқашан шақырған едім, бірақ келмедіңіз" деген сөзіне жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Telegram-дағы Ria_kremlinpool каналында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуінен қысқаша видео жарияланды.

Видеода Назарбаев Путиннің "Сізді әлдеқашан шақырған едім, бірақ келмедіңіз" деген сөзіне жауап берген.   

"Сіз жыл сайын қызметіңізді, белсенділігіңізді көрсетіп жатасыз. Мен Сочиге баруым керек еді, алайда қашан қарасам да, онда не қырғыз, не тәжік, не беларусь президенті жүреді. Кезекке тұрудың қажеті жоқ шығар деп ойлаймын. Мен енді еркін адаммын, үш жылдан бері президент емеспін, алайда сіздермен кездеспей тұра алмаймын", - деп мәлімдеді Елбасы.

Сәрсенбіде Кремльде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамытудың перспективалары мен күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Жаңалықтар
0