Саясат

Сыртқы істер министрі Ресей елшісімен кездесті

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр иностранных дел Казахстана Мухтар Тлеуберди
Министр иностранных дел Казахстана Мухтар Тлеуберди - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Жазылу
Елші Бородавкин министрге Женевада өткен Ресей-Америка саммитінің қорытындысы туралы ақпарат берді

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті. Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бородавкин министрді 16 маусымда Женевада өткен Ресей-Америка саммитінің қорытындысы туралы хабардар етті.  

Кездесуде сонымен қатар екіжақты және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды. Сұхбаттасушылар  Қазақстан-Ресей одақтастық қарым-қатынасы мен интеграциялық байланыстарды дамыту туралы әңгімелесті.

Тілеуберді мен Бородавкин тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға ниетті екендіктерін растады.

16 маусымда Женевада Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джо Байденнің алғашқы кездесуі өтті. Келіссөздер үзілісті қосқанда төрт жарым сағатқа созылды. Ресей басшысы Байденмен ведомствоаралық деңгейде стратегиялық тұрақтылық жөнінде консультациялар бастауға келіскенін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0