00:02 06 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Саясат
Қысқа сілтеме алу
543 0 0

2021 жылы 12 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент лауазымына кіріскеніне екі жыл толды

АЛМАТЫ, 15 маусым – Sputnik. Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында "Who is Mr. Toqayev" деген видео жариялады. Ол жерде Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент қызметіне кіріскеннен бері қабылданған заңдар мен енгізілген өзгерістерге шолу жасалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Berik UALI (@berikuali)

Видео шолуда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға рұқсат берілгені, дәрігерлер мен педагогтердің жалақысы екі есе көбейгені, шағын бизнестің 3 жылға салықтан босатылғаны, қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың жалақысы теңестірілгені айтылады.

Сондай-ақ жерді шетелдіктерге жалға беруге тыйым салу, "Еститін мемлекет" тұжырымдамасының енуі, жыныстық сипаттағы қылмысқа қатысты берілетін жазаның қатаңдауы, митинг өткізу тәртібінің жеңілдеуі, сайлауда "бәріне қарсы" графасының пайда болуы, ауыл және аудан әкімдерінің тікелей сайлануы, президенттік кадрлық резервтің құрылуы секілді өзгерістер көрсетілген. Бұдан бөлек Тоқаевтың әлемдік аренадағы саясаткерлермен кездесуі кезіндегі фотолар қосылған.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауында 70,96% дауыс жинап, Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды.

2019 жылы 12 маусымда ҚР Конституциясының 42-бабына сәйкес ант беріп, ресми түрде сайланған президент ретінде мемлекет басшысының лауазымына кірісті.

Жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев жайлы деректі фильм түсірілді. Екі бөлімнен тұратын "Преодоление" фильмі "Хабар" телеарнасынан көрсетілді.

 

 

Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, видео
Загрузка...

Басты тақырып