17:01 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1477 0 0

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы өзара құрмет пен жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі байланыстардың өpici кеңейгенін ерекше атап өтті

АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухты Моңғолия президенті болып сайлануына байланысты Қазақстан халқы мен өз атынан құттықтады.

"Сайлаудағы айқын жеңісіңіз мемлекетіңіздің дамуына қосқан мол үлесіңіз бен қажырлы еңбегіңіздің нәтижесі және моңғол халқының өзіңізге артқан үлкен сенімі деп білемін. Осы ретте еліңіздің болашағын жарқын, мерейін үстем етуге бағытталған бастамаларыңыз бен жоспарларыңыздың әрдайым сәтті жүзеге асатынына кәміл сенемін", - делінген хатта.

Сондай-ақ Қазақстан президенті Қазақстан мен Моңғолия арасындағы өзара құрмет пен жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі байланыстардың өpici кеңейгенін ерекше атап өтті.

"Екі ел халқының игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматта әріптестікті дамытуға Сізбен бірге күш-жігер жұмсауға дайын екенімді нақтылаймын", - делінген жеделхатта.

"Бұл әзіл емес": шетелдік саясаткерлер Тоқаев туралы қандай ойда екенін айтты

Қазақстан президенті Ухнаагийн Хурэлсухқа осындай жауапты қызметте толағай табыс тілеп, моңғол халқының өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.

Загрузка...

Басты тақырып