23:18 12 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
Саясат
Қысқа сілтеме алу
4751 0 0

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Елбасы сайты.

Назарбаевтың шешімімен Әділ Тұрсынов тұңғыш президенттің көмекшісі – Елбасы кеңсесінің ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Бұған дейін ол тұңғыш президент кеңесшісі – Елбасы кеңсесі ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болды.

Нұрлан Қаймолдаев Қазақстанның тұңғыш президенті  – Елбасы кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Мұның алдында құжаттамалық, қаржылық және кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Айдос Үкібай Елбасының кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Назарбаевтың баспасөз хатшысы болып қызмет етті.

"Аталған тұлғалар бұрынғы атқарған қызметтерінен босатылды", - делінген хабарламада.

Тақырып бойынша

"Кері әсерін тигізді:" Назарбаев мұнай компанияларының жағдайы туралы айтты
Шекараны барлық қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз ету керек – Назарбаев
Назарбаев әлемдік державалар арасындағы бәсекелестікке алаңдаушылық білдірді
Азық-түлік тапшылығын біз міндетті түрде сезінеміз – Назарбаев
Кілт сөздер:
тағайындау, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып