Саясат

Мәми Тоқаевқа алдағы жолдау туралы ақпарат берді

© Sputnik / Абзал КалиевАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2021
Жазылу
Конституциялық кеңес парламент палаталарының бірлескен отырысында конституциялық заңдылықтардың жай-күйі туралы кезекті жолдау жасайды

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.  

Мәми президентке Конституциялық кеңестің алдағы Парламент палаталарының бірлескен отырысында елдегі конституциялық заңдылықтардың жай-күйі туралы жасайтын кезекті жолдауына дайындық барысы туралы баяндады.

Айтуынша, маңызды құжатта конституциялық іс жүргізу практикасы қорытындыланады. Қазіргі заңнамада және оны қолдану тәжірибесінде конституциялық нормалардың іске асырылуы, Конституциялық кеңес шешімдерінің орындалуына баға беріледі. Сонымен қатар азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау мәселелері қаралады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Конституциялық кеңеске өтініш түсірді

Мәми биылғы жолдау Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналатынын және Конституциялық кеңес республикадағы заң үстемдігін одан әрі күшейту жөнінде нақты ұсыныстар жасайтынын атап өтті.

Тоқаев Конституция Қазақстан мемлекеттілігі мен ел жетістігінің негізі екенін айтты.

Осы орайда Конституциялық кеңестің қызметі Ата Заң ережелерін жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Мемлекет аумағында Конституция үстемдігін қамтамасыз ету ел дамуының міндетті шарты екенін атап өтті.

Жаңалықтар
0