Саясат

Тоқаев бүгін бейнеүндеу жасайды

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2021
Жазылу
Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейіндегі виртуалды форум БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бастамасымен өтеді

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі отырыста бейнеүндеу жасайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстел отырысында бейнеүндеу жасайды. Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейіндегі бұл виртуалды форум БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бастамасымен өтеді ", - деп жазды Уәли.

Жиын Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша шамамен сағат 20:00-де өтеді. Жиынның тікелей көрсетілімін БҰҰ-ның веб-сайтынан көруге болады.

Оқи отырыңыз: "Адамдар арасындағы сенімсіздік күшейді": Назарбаев бейнеүндеу жасады

 

Жаңалықтар
0