Саясат

Тоқаев пен Путин және Назарбаев телефон арқылы сөйлесті: қандай мәселе айтылды

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин и президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев, архивное фото
Президент РФ Владимир Путин и президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2021
Жазылу
Бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 68 жасын қалай тойлайтынын атап өткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Кремльдің сайты.

Сонымен қатар, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да қатысуымен болған әңгіме барысында екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың мәселелері сөз болды.

"Телефон арқылы сөйлесу кезінде Владимир Путин Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады. Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен де әңгіме өрбіді. Сөз арасында Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы мен стратегиялық серіктестікті барынша нығайтуға деген өзара міндеттемелер туралы айтылды", – делінген хабарламада.

Көшбасшылар бұдан әрі тығыз байланысты жалғастыруға деген ниеттерін білдірді.

Тоқаев туған күнін қалай атап өтеді

Бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 68 жасын қалай тойлайтынын атап өткен болатын.

"17 мамыр әдеттегідей жұмыс күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді", – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Ол осы датамен байланысты ешқандай іс-шаралар ұйымдастырылмайды деп нақтылаған. Тіпті, әкімшілік қызметкерлерге де президентті құттықтауға рұқсат етілмеді.

"Мемлекет басшысы үшін бұл кәдімгі жұмыс күні. Өйткені оның отбасында балалардың да, ата-аналардың да туған күндерін атап өту дәстүрге айналмаған", – деді Тоқаевтың баспасөз хатшысы.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың көлік жүргізушілерге қатысты жаңалығы: үкімет арнайы қаулы дайындады

Сондай-ақ, ол қазірдің өзінде көрші мемлекеттердің басшылары мен үкімет, парламент, халықаралық ұйымдардың жетекшілері жүрекжарды тілектерін жеделхаттар арқылы жолдап жатқанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда дүниеге келген.

Жаңалықтар
0