Саясат

Назарбаев пен Мирзиеев телефон арқылы сөйлесті

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуШавкат Мирзиеев пен Нұрсұлтан Назарбаев
Шавкат Мирзиеев пен Нұрсұлтан Назарбаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2021
Жазылу
Тараптар өңірде тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін көпжақты ынтымақтастықты арттыру қажеттігі туралы пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан  президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады тұңғыш президенттің ресми сайты.

Назарбаев пен Мирзиеев алдымен бір-бірін алдағы мейрамдар – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығы мен Ораза айтпен құттықтады.

"Тараптар екі елдің бауырлас халықтарының игілігі үшін дәстүрлі тату көршілік, өзара сенім және сан ғасырлық достық рухында дамып келе жатқан Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық қатынасының қазіргі деңгейін жоғары бағалады", - делінген ресми хабарламада.

Ал екіжақты байланыстың жоғары деңгейде дамуына бірнеше дәлел бар. Бүгінде саяси салада тығыз қарым-қатынас орнатылған. Биыл сауда-саттықтың көлемі ұлғайды. Ал шекаралық сауда саласындағы іскер топтардың өзара іс-әрекетіне жаңа мүмкіндіктер жасалып отыр. Бірлескен экономикалық және өңіраралық жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық бағдарламалардың насихатталуы да екіжақты байланыстардың дамуына оң әсер етіп отыр.

Соңында тараптар өңірде бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін көпжақты ынтымақтастықты арттыру және тереңдету қажеттігі туралы пікір білдірді.

Жаңалықтар
0