Саясат

Тоқаев Қырғызстан президентіне жеделхат жолдады

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2021
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының игілігі мен өсіп-өркендеуі жолындағы Садыр Жапаровтың жауапты қызметіне толағай табыс тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орай ел президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2021
Саясат
Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты
"Бүкіл халық қолдаған Ата заң – Қырғызстанның ұзақмерзімді даму стратегиясының берік негізін қалайтын, ел егемендігінің қорғаны болатын және қоғамды біріктіретін басты құжат. Сіздің бастамаларыңыз бен реформаларыңыздың сәтті жүзеге асуы қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және елдің халықаралық аренадағы беделін көтеруге септігін тигізеді", – делінген жеделхатта.

Тоқаев Қазақстан Қырғызстанның стратегиялық серіктесі әрі одақтасы ретінде бауырлас қырғыз халқына алдағы уақытта да жан-жақты қолдау көрсете беруге дайын екенін жеткізді.

Сөз соңында президент қырғыз халқының игілігі мен өсіп-өркендеуі жолындағы Садыр Жапаровтың жауапты қызметіне толағай табыс тіледі.

Жаңалықтар
0