Саясат

Мәулен Әшімбаев Ресей елшісімен кездесті

© Sputnik / Владислав ВодневФлаги России и Казахстана
Флаги России и Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2021
Жазылу
Тараптар COVID-19 індетінің таралуына қарсы күрес кезінде екі ел арасында "бұрын-соңды болмаған тығыз ынтымақтастық орнағанын" атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі.

В верховье реки Урал, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2021
Қоғам
Қазақстан мен Ресей Жайық өзенін сақтап қалу мәселесі бойынша келісімге келді
Әшімбаев пен Бородавкин "сағатты салыстырып тексеріп", алдағы саяси қарым-қатынастың кестесін талқылады. Атап айтқанда, РФ Федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенконың Қазақстанға сапарына дайындық мәселесі талқыланды, бұған дейін хабарланғандай, Матвиенконың сапары сәуірдің соңына жоспарланған.

Саясаткерлер сонымен қатар коронавирус инфекциясымен күрес кезінде Қазақстан мен Ресей арасында "бұрын-соңды болмаған тығыз ынтымақтастық орнағанын" атап өтті, атап айтқанда Қазақстанда ресейлік Sputnik V вакцинасы өндіріле бастады.

Жаңалықтар
0