Саясат

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуАрхивное фото портфеля госслужащего
Архивное фото  портфеля госслужащего  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2021
Жазылу
Дәулет Кәрібек осы луазымға тағайындалғанға дейін Nur Otan партиясы астаналық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. 30 жастағы Дәулет Кәрібек Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы 1990 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңаарық ауылында дүниеге келген.

© Photo : Пресс-служба акимата Жамбылской областиЖамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2021
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек

Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған "Дарын" мектеп-интернатын бітірген. 2012 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде саясаттану мамандығын оқыған. 2014 жылы аталған оқу орнынан магистр, ал 2018 жылы PhD докторы дәрежесін алған.

Еңбек жолын "Жас Отан" жастар қанатының Астана қаласы мен Алматы облысы бойынша бірінші орынбасары қызметінен бастаған.

Әр жылдары әділет министрлігі сот-сараптама орталығының инспекторы, "Жас Отан" жастар аппараты филиалының аппарат жетекшісі, жастар қанатының менеджері, хатшылық меңгерушісі, жауапты хатшы, Nur Otan партиясының "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы болған.

Сонымен қатар, ол Қазақстан президентінің сайлауалды штабының Team Qazaqstan жастар қанатын басқарды.

Оқи отырыңыз: Қызылорда әкімі сегіз жылдан кейін қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының басшысы қызметін атқарған. Президенттік жастар кадрлық резервінің, Nur Otan партиясы саяси кеңес бюросының мүшесі.

Бірқатар ғылыми мақалалардың авторы.

Жаңалықтар
0