Саясат

Президент Атырау және Ақтөбе облыстарының әкімдеріне қандай тапсырма берді

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің есебін тыңдап, әлеуметтік салаларды дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау және Ақтөбе облыстарының әкімдері өңірлерде қалыптасқан қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды телефон арқылы баяндады, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов президентке аймақ тұрғындарына вакцина салу барысы, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының сұранысына байланысты вакцина көлемін арттыру қажеттігі туындап отырғаны туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстың үкіметпен бірлесе отырып, дамудың кешенді жоспарын әзірлеу жөніндегі мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды. Әкімнің айтуынша, аталған жоспардың іске асырылуы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырады.

"Мемлекет басшысы Атырау облысының әкіміне медициналық қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерді шешу, сондай-ақ, мектептердегі білім беру сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді", - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин президентке коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар жайында есеп берді. Сонымен қатар мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, соның ішінде, инвестиция тарту, тұрғын үй салу, индустрияландыру картасы аясындағы жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде баяндалды.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Оңдасын Оразалинге өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға және азаматтарды вакциналау жұмыстарын жандандыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Жаңалықтар
0