Саясат

Қызылорда әкімі сегіз жылдан кейін қызметінен кетті

© Photo : Сайт премьер-министра КазахстанаНұрлыбек Нәлібаев
Нұрлыбек Нәлібаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2021
Жазылу
Премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Қызылорда қаласының экс-әкімі Нұрлыбек Нәлібаев басқа қызметке ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір - Sputnik. Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы Нәлібаев қызметінен кетті. Ол бұл қызметті 2013 жылдан бастап атқарды.

Бүгін Нәлібаев Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады үкімет басшысының ресми сайты

Премьер-министр кеңсесі өңірлік даму бөлімі жаңа басшысының 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келгені белгілі. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың інісі.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

Экс-әкімнің екі жоғары білімі бар және РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

  • 2005–2007 жж. — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 
  • 2007-2008 жж. — Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 
  • 2008-2013 жж. — Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі. 
  • 2013-2021 жж. — Қызылорда облысы Қызылорда қаласының әкімі.

1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесі өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Жаңалықтар
0