19:46 14 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.55
  • EUR515.53
  • RUB5.62
Саясат
Қысқа сілтеме алу
3658 0 0

Қазір Қазақстан мен Қытай арасында бірлесіп іске асыру жоспарланған жобалардың басым бөлігі жеке кәсіпкерлерге тиесілі және оларды қаржыландыруға тартылған қаражат осы кәсіпорындардың жеке кредиті

АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Қытайдың "Бір белдеу – бір жол" бастамасын сынға алуға қатысты ойын "Казахстанская правда" газетінде жарияланған мақалада айтты.

Оның сөзінше, кейбір адам бұл бастама "Қытайдың Қазақстанға үстемдігін орнату" және "оны қарызға батыру" мақсатын көздейді деп тұжырымдап отыр. Қоғамның кей тобында Қазақстанда бірлескен кәсіпорындар құрудың артында "біздің жерімізді басып алу ниеті тұр", ал инвестициялардың басты мақсаты – "біздің пайдалы қазбаларымыздың кен орындарын меншіктеп алу" деген пікір бар. Сондай-ақ, кейбір адам бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін ескі жабдықтар мен ескі технологиялар пайдаланылады деп ойлайды.

"Дәл осындай пікір айтушы топ тек біздің елде ғана емес, басқа да елдерде бар екенін мойындау керек. Әрине, қарқынды дамып келе жатқан "Бір белдеу – бір жол" қытай жобасы алаңдаушылық тудырады. Себебі ол көптеген ірі мемлекетте сыни тұрғыдан қабылданады, ал ауқымы бір өңірді емес, түрлі континентті қамтиды", - деп жазды Қазақстан СІМ басшысының орынбасары.

Нұрышевтың пікірінше, 100-ден астам мемлекет өкілінің коронавирус пандемиясына дейін Бейжіңде үнемі өткізіліп тұрған "Бір белдеу – бір жол" форумына қатысуы бұл бастаманың оларға пайдалы екенін көрсетеді.

"Ол сондай-ақ мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Бірлескен жобаларды іске асыру арқылы жаңа инфрақұрылымдық нысандар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар салу, озық технологияларды тарту және жаңа жұмыс орындарын құру сияқты мәселелерді шешу мүмкіндігі пайда болды", - деп толықтырды Шахрат Нұрышев.

Ол сондай-ақ жобаларға қаржылық қолдауды ерекше назар аударуды қажет ететін мәселе деп атады.

"Жобалардың жалпы құны – бұл біздің мемлекет алатын қарыз емес, оларды іске асыратын кәсіпорындар бірлесіп қаржыландыратын сома", - деп атап өтті министрлік өкілі.

Қазір Қазақстан мен Қытай арасында бірлесіп іске асыру жоспарланған жобалардың басым бөлігі жеке кәсіпкерлерге тиесілі және оларды қаржыландыруға тартылған қаражат осы кәсіпорындардың жеке кредиті. Қаражат Қытайдың ғана емес, Қазақстанның даму институттарынан да алынады.

"Сыртқы инвестициялар мен озық технологияларды тарту ұлттық экономиканың өсуінде маңызды рөл атқаратынын мойындау керек. Бұл – нарықтық экономика заңы. Бұл бағытта Қазақстан үкіметі шетелден, соның ішінде Қытайдан инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде", - деді Нұрышев.

Бүгінде Қытай халық республикасы Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша Нидерланды, АҚШ және Ұлыбританиядан кейін төртінші орында тұр.

Тақырып бойынша

Қытай туралы қауесетті кім таратады – Қытай елшісі ашық сұхбат берді
Министрлік Шыңжаң-Ұйғыр ауданындағы жағдайға қатысты Қазақстан ұстанымын айтты
"Сондай күлкілі": Қытай елшісі Жаңаөзендегі митинг жайлы не ойлайтынын ашық айтты
"Бұл біздің уәдеміз": Қытай елшісі COVID-19-ға қарсы вакцина туралы айтты
Қытай елшісі туыстарымен қауышуға көмектесуді өтінген қазақстандықтарға жауап берді
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, Қазақстан, Қытай
Загрузка...

Басты тақырып