19:06 14 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.55
  • EUR515.53
  • RUB5.62
Саясат
Қысқа сілтеме алу
102 0 0

Коронавирус індеті кезінде жағымсыз идеологиялық "вирустар" да таратыла бастады, дейді Бақытжан Жұмағұлов

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов коронавируспен бірге идеологиялық "вирустардың" таралып жатқанын, оған қарсы заң қабылдау қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Коронавирус індеті кезінде экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, биологиялық және басқа да қатерлерге қоса жағымсыз идеологиялық "вирустар" да таратыла бастады. Жалған ақпараттар сол "вирусты" әлеуметтік желілер арқылы шұғыл таратып жібереді. Сондықтан әлеуметтік желілер туралы заң қабылдау қажет деп білеміз", - деді Жұмағұлов парламент тыңдауында.

Оның айтуынша, жаңа заң сөз бостандығын шектеу үшін емес, әлеуметтік желі жүйесін заңнама тұрғысынан реттеу үшін қажет. Құрылтайшылардың заң алдындағы жауапкершілігі де күшейеді. 

"Жаһандану кезінде кейбір жастар шетелдік жағымсыз құндылықтар ықпалына бейсаналы түрде ілесіп кеткенін аңғармайды. Мәжбүрліктен емес, сананың улануы арқылы өз еркімен торға түседі. Осылайша жаһандық конгнитивті технология бұқаралық санаға әсер ету құралына айналып отыр", - деп атап өтті Жұмағұлов.

Оқи отырыңыз: Мәулен Әшімбаев оқу бағдарламасына жаңа сабақ енгізуді ұсынды 

Айта кетейік, сенатта "Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі" тақырыбына арналған парламент тыңдауы өтіп жатыр. Шараға үкімет мүшелері, ғалымдар мен сенаторлар қатысуда.

Загрузка...

Басты тақырып