Саясат

Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуАрхивное фото портфеля
Архивное фото портфеля  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Жазылу
Олжас Жұмағұлов 2019 жылдың тамыз айынан бүгінге дейін Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі болды

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Қазақстан үкімет басшысының өкімімен Олжас Жұмағұлов премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады primeminister.kz.

Олжас Жұмағұлов 1990 жылы Алматы қаласында туған. Америка  университетін, Лондон экономика мектебін, Лондонның Корольдік колледжін бітірген.

© Photo : Пресс-служба канцелярии премьер-министра КазахстанаОлжас Жұмағұлов премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Олжас Жұмағұлов премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды

2013-2016 жылдары Қазақстан экономикалық даму және сауда министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды.

2016-2018 жылдары ауыл шаруашылығы министрлігі Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2018 жылдың ақпаны мен шілдесі аралығында инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі болды.

2018-2019 жылдары премьер-министр орынбасарының кеңесшісі.

2019 жылдың тамыз айынан бүгінге дейін – Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі.  

Жаңалықтар
0