Саясат

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өту Президенты России Владимир Путин и Казахстана Касым-Жомарт Токаев во время осмотра выставки "Высокие технологии: возможности регионов России и Казахстана" в рамках XVI Форума межрегионального сотрудничества России и Казахстана
 Президенты России Владимир Путин и Казахстана Касым-Жомарт Токаев во время осмотра выставки Высокие технологии: возможности регионов России и Казахстана в рамках XVI Форума межрегионального сотрудничества России и Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2021
Жазылу
Тоқаев Ресей президентіне "Спутник V" вакцинасының қосымша партиясын жеткізу туралы өтініш білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. 

Мемлекет басшылары сауда-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалына, сондай-ақ Қазақстанда цифрлық платформа құру туралы қол жеткізілген уағдаластыққа жоғары баға берді.

Қазақстан президенті ұшақ құрастыру, автокөлік жасау, химия индустриясы салаларындағы бірлескен жобаларға көңілі толатынын жеткізді. Оның пікірінше, биылғы сәуір айында Қазан қаласында екі мемлекеттің үкіметтері арасында қол қойылатын 2021-2025 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасының маңызы зор болмақ.

Владимир Путин Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық, әскери-техникалық және цифрлық салалар бойынша байланыстарды нығайтудың маңызды екенін атап өтті. 

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге "Спутник V" вакцинасының қосымша партиясын жеткізуге өтініш білдірген.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуетін одан әрі арттыруға қатысты ұстанымдары сәйкес келетінін айтып, серіктестіктің бұл бағытында тығыз ықпалдаса жұмыс істеуге келісті.

Жаңалықтар
0